Кеме

Иран жағалауында жүк кемесі суға батып кетті

Экспресс К

Видеодан кадр

Ішінде кемінде 30 адам бар кеме Парсы шығанағындағы Иранның оңтүстік жағалауында апатқа ұшырады.

IRNA агенттігінің мәліметінше, жүк кемесі Біріккен Араб Әмірлігіндегі компанияға тиесілі, деп хабарлайды Экспресс К.

Қазіргі уақытта борттағы адамдарды құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнына тікұшақ жіберілді.

БАӘ көлік тасымалдаған кемесі бір сағат бұрын Ассалуйе ауданынан 30 миль қашықтықта суға батып кетті. Кемедегі 30 экипаж мүшесін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кеме ауа райының қолайсыздығы мен қатты жел салдарынан апатқа ұшырады,

— деді басқарма қызметкері Ходжат Хосвари.

Иранның Бушер провинциясындағы порттар мен кеме қатынасы әкімшілігі жүк кемесінің жеңіл көліктерді тасымалдағанын мәлімдеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров