Newscorr

Newscorr: БҚО тұрғындары қар құрсауында қалды

Экспресс К

Видеодан кадр

Ауылдан орталыққа азық-түлік алуға шыққан бір топ көлік жүргізушілері қарлы боранда далада қалды. Ауыл халқына азық-түлік жеткізудің бұдан басқа амалы жоқ екен.

Ауылдағы тұрғындарға азық-түлік пен күнделікті тұрмысқа қажет тауарларды жеткізудің басқа амалы жоқ, деп хабарлайды Экспресс К.

Newscorr-ға жолданған бейнежазбадан жолдың ортасында жарты шақырым дейін кептелісіп тұрған автоөкөлік нөпірін көруге болады.

Бейнежазба авторының айтуынша, жүргізушілер екі күннен бері қалаға кіре алмай жүр. Ауыл тұрғындары нан сатып алу үшін қалаға баруға мәжбүр. Зеленое, Октябрьское және Жамбыл ауылдарына баратын жолды қар басып қалғандықтан аталған елді мекендерге азық-түлік тауарлары жеткізілмей жатыр.

Жергілікті тұрғындар осы мәселе бойынша әкімдікке жүгінген, бірақ ондағылар көмек көрсетуден бас тартыпты. Жауапты тұлғалар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміне хабарласу керектігін айтқан. Алайда, коммуналдық қызметтегілер телефондарын көтермейтін көрінеді.

Кейін коммуналдық қызметкерлер жолдарды тазарту жұмыстарын жүргізіп жатқаны белгілі болды. Бұл туралы Мичурин ауылдық округінің әкімі Максим Мұсалімов мәлімдеді.

Екі жүк тиегіш көлік жұмыс істеп жатыр. Бірі Жамбыл ауылы мен Октябрьское кентіне баратын жолды қардан тазартты. Қазір кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Қатты боранға байланысты кедергілер болды,

деді Максим Мұсалімов.

Сіздер үшін! Newscorr сервистік қызметі барлық тұрғындарға арнап азаматтық журналистиканың жаңа нұсқасын ұсынады. Мұнда кез-келген азамат бізге эксклюзивті фото немесе бейнежазбасын жіберіп, 100 мың теңге ге дейін табыс табуға толық мүмкіндігі бар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров