Президент

Мемлекет басшысы ЕҚДБ президентімен бірқатар инвестициялық жобаларды талқылады

Экспресс К

ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен бейнебайланыс режимінде кездесу өткізді.

Кездесу барысында транзиттік тасымал, экономиканы декарбонизациялау, қаржы секторы салаларындағы бірқатар инвестициялық жобаны Қазақстанда жүзеге асырудың перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Экспресс К Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Президентінің баспасөз қызметіҚР Президентінің баспасөз қызметі
ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкімен арадағы тиімді әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың оң қарқынына көңілі толатынын атап өтті.

Өзара ықпалдастық аясында зор нәтижелерге қол жеткіздік. Қазақстан Үкіметі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасындағы тиімді ынтымақтастық одан әрі нығая беретініне сенімдімін,

— деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚР Президентінің баспасөз қызметіҚР Президентінің баспасөз қызметі
ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Одиль Рено-Бассо Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан реформаларды, 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауда айтылған бастамаларды қолдайтынын жеткізді.

Әңгіме соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Одиль Рено-Бассоны Қазақстанға кезекті рет сапармен келуге шақырды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров