Мигранттар
Атырауда 120 Қытай азаматы ұсталды


Әлеуметтік желіден
Атырауда заңсыз жұмыс істеген 120 Қытай азаматы ұсталды.
Олар қытайлық компанияда полициядан тығылып жұмыс істеген, деп хабарлайды Экспресс К.
Қытайлықтар елімізге визамен келген. Алайда құжаттарының мерзімі өтіп кетсе де, құқық қорғау органдарының көзіне түспей, жұмыс істеп жүре берген.
Оқи отырыңыздар:
Анықталған 120 Қытай азаматының ісі сотқа жіберілді. Олар "Мигрант" арнайы іс-шарасы кезінде ұсталды,
Қазақстан аумағында заңсыз жұмыс істеген шетелдіктерді өз елдеріне депортациялау заңмен қарастырылған.
Бөлісу