Newscorr

Newscorr: "Әлі шанамен жүрміз". Ауыл адамдарының қалаға баратын көлігі жоқ

Экспресс К

Видеодан кадр

Қарағанды облысындағы Ақтас ауылының тұрғындары тракторға жегілген шанаға мініп, қалаға қатынайды.

Бұл бейнежазба Newscorr сервистік қызметіне келіп түсті, деп хабарлайды Экспресс К.

Бейнежазбадан бірнеше адамның тракторға байланған шанаға отырып жатқанын көруге болады. Видео авторының айтуынша, ауыл тұрғындары күнделікті қалаға осылайша қатынайды. Жолға шамамен 3-4 сағаттай уақыт кететін көрінеді. Көбіне адамдар қаладан азық-түлік алып келеді. Енді бірі күн сайын осылай жұмысқа барады.

Техника мен көліктің жоқтығы өз алдына бір мәселе. Ұлытау өңіріне қарасты Ақтас ауылының тұрғындарын аурухананың да жоқтығы қынжылтады. Олар науқастарды да шанаға отырғызып, қалаға жеткізетін көрінеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров