Көлік
Ақтауда ер адам итті көлікпен жаншып кетпек болды


Видеодан кадр
Қала тұрғындарының айтуынша, бастапқыда ол иттерге тас лақтырып, кейін көлігімен басып кетпек болды.
Оқиға 17 наурыз күні сағат 16:30 шамасында 1-ші шағынауданда болды, деп хабарлайды Экспресс К Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқи отырыңыз:
Оқиға куәгерлері көліктегі ер адамның итті әдейі басып кетпек болған сәтін видеоға түсіріп алды.
Оны осы әрекеті үшін әкімшілік жауапкершілікке тартады деп сенеміз. Ер адам көлігінен түсіп, иттерге тас лақтыра бастады. Кейін көлігімен оларды жаншып кете жаздады. Өзін видеоға түсіріп тұрғанымызды көріп, бізді бейәдеп сөздермен балағаттады,
Полиция қызметкерлері құқық бұзушының кім екенін анықтады. Ақтаулық жүргізушіге қандай шара қолданатыны алдағы уақытта белгілі болады.
Бөлісу