Елімізде құрылыс материалдарының бағасы тұрақталып келеді

Экспресс К

primeminister.kz

17 наурызда Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті.

Отырыста құрылыс саласын дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Экспресс К primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев биыл Қазақстанда 15,1 миллион шаршы метр тұрғын үйдің салынуы жоспарланып отырғанын айтты. Тұрғын үй жобаларын және жеңілдетілген несие беруді іске асыруға 492 миллиард теңге, инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамытуға 1,4 триллион теңге бағытталады.

Қазақстанда құрылыс материалдарының бағасының тұрақтануы байқалады. Арматураның бағасы 3%-ға, газ блогының бағасы 3%-ға, шынының бағасы 17,6%-ға төмендеді.

Бизнес қоғамдастықпен бірлесіп мемлекеттік сатып алу және коммерциялық тұрғын үйді дамыту бойынша жедел және жүйелі шаралар пысықталуда.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров