Дәрілер

Денсаулық сақтау министрлігі: "Дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ"

Экспресс К

Pixbay

Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмектің болжамды тапшылығы туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

Министрліктегілер Қазақстанда бөлшек сауда сегментінде дәрілік заттардың бар-жоғына қатысты мониторингіге сәйкес тапшылық байқалмайтынын айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл мәлімдемеге "ORDA.KZ" ақпараттық-порталында жарияланған инсулин мен басқа да негізгі дәрі-дәрмектердің болжамды "тапшылығы" туралы мақала себеп болды.

"Препараттар қолжетімді болу үшін дәрілік заттардың тұрақтандыру қорлары жұмыс істейді, ірі көтерме дәріхана қоймаларында қор жеткілікті. 2022 жылға ТМККК (Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі) және МӘМС (Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) шеңберінде 11,1 миллиард теңге сомаға инсулиндердің 20 атауы сатып алынды. Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында инсулиннің жеткілікті қоры бар", — делінген хабарламада.

Министрліктегілер дәрі-дәрмектердің бөлшек бағасы белгіленген шекті бағалар аясында қалыптасатынын атап өтті.

Денсаулық сақтау министрлігі жалған ақпарат таратпауға, халықты дүрлікпеуге және ресми деректерге ғана сүйенуге шақырады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров