Қаулы

Президент бірқатар азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Президентінің Жарлығымен түрлі салада елеулі еңбек етіп, ел дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды.

Жазушы Илья Жақанов пен ғалым Төрегелді Шарманов "Қазақстанның Еңбек Ері" атанды, деп хабарлайды Экспресс К мемлекет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін: жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі — "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі — Алтын жұлдыз тапсырылсын.

Жақанов Илья — жазушы, Атырау қаласы.

2. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін: жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі — "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі — Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын:

Шарманов Төрегелді — Қазақ тағамтану академиясының президенті, Алматы қаласы.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров