Newscorr

Newscorr: Ашыққан арлан ажал айдап ауылға келген

Экспресс К

Видеодан кадр

Қостанай облысының Науырзым ауданындағы елді мекендерді қасқырлар торып жүр. Биыл өңірге қар қалың түскендіктен көктемде жабайы жыртқыштарға азық тауып жеу қиынға соққан секілді.

Тамақ іздеп жортып жүріп ауылға кіріп кеткен қасқырлардың бірін тұрғындар жабылып жүріп атып алған, деп хабарлайды Экспресс К.

Newscorr-ға видео жолдаған Шолақсай ауылы тұрғынының айтуынша, қасқыр оның қора-жайы орналасқан ауласына бір-ақ кіріп кеткен. Бірақ ірі-қарасын жарып, ұсақ малдарын тамақтап үлгермепті. Арланның үлкендігі сондай, жалаң қол тұрмақ шоқпармен соғып алуға ешкімнің жүрегі дауаламаған.

Ашыққан қасқыр адамдарға шаба ма деп қорыққан тұрғын дереу көршілерін көмеккке шақырған. Абырой болғанда, қоңсыларының бірі байырғы аңшы екен. Ол көкжалды ешкімге шабуыл жасап үлгертпестен дәл кеуде тұсынан атып үлгеріпті.

Үй иесі қасқырдың тым еркінсіп кетуіне қора маңына төгілген малдың қан-жыны себеп болуы мүмкін дейді. Өйткені бірер күн бұрын етін сату үшін ірі-қара малын сол жерде сойған.

Экспресс К бұған дейін Қостанайдың орталық көшесінде түлкілер жүргені туралы да жазған болатын

Сіздер үшін! Newscorr сервистік қызметі барлық тұрғындарға арнап азаматтық журналистиканың жаңа нұсқасын ұсынады. Мұнда кез-келген азаматтың бізге эксклюзивті фото немесе бейнежазбасын жіберіп, 100 мың теңгеге дейін табыс табуға толық мүмкіндігі бар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров