Үкімет

Президенттің өкілеттігін шектеу туралы заң келесі айда әзірленеді

Бек ТӨЛЕУОВ

ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Әділет министрі Қанат Мусин Президент жолдауында айтқан өзгерістерге байланысты заң жобасы қашан дайындалатынын айтты.

Конституцияға енгізілетін өзгерістерге байланысты алдағы айларда заң жобалары пысықталып, Парламентте талқыланады, деп хабарлайды Экспресс К.

Министрдің айтуынша, сәуір айында мына блок бойынша заң жобаларын әзірлеу көзделіп отыр:

— Президент өкілеттігіне байланысты шектеулер,

— Орталық сайлау комиссиясының, Есеп Комитетінің, Конституциялық Кеңестің төрағалары мен мүшелерінің саяси партиялардан шығуы,

— Парламент Сенаты мен Мәжілісін қалыптастыру тәртібі және оның функциялары,

— республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетін Жоғары аудиторлық палатаны қайта құру,

— мәслихаттарды қалыптастыру тәртібі,

— азаматтардың, Бас прокурордың және адам құқықтары жөніндегі уәкілдің де өтініш жасауына мүмкіндік бере отырып, Конституциялық Сот құру,

— өлім жазасын жою туралы шешімді Конституцияда бекіту мәселелері бойынша өзгерістер енгізу.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров