Шоу-бизнес

"Ең қымбат торт". Айгүл Иманбаева 45 жасын тойлады

Лаура БИҒАЛИ

instagram.com/aigul_imanbayeva

Танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде 45 жасқа толған туған күнін дүркіретіп тойлады.

Думанды кешке актрисаның өнердегі және өмірдегі достары тайлы-тұяғы қалмай жиналды, деп хабарлайды Экспресс К.

Туған күн иесі той қызықтарын Instagram-дағы парақшасында жариялады. Тойды белгілі актер Азамат Сатыбалды басқарды. Айгүлдің қуанышына аты аңызға айналған "Дос-Мұқасан" тобы, Халық артисі Алтынбек Қоразбаев, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, "МузАРТ" тобы, жұлдызды жұп Қарақат пен Қыдырәлі, Сейфуллин Жолбарыс, Абай Бегей, Нұрболат Абдуллин сынды өнер жұлдыздары келді.

Қарақат Әбілдина құрбыларымен бірге туған күн иесіне арнап ән орындады.

Айгүл сенің жүрегің, көңілің ақ. Біздің саған деген ниетіміз аппақ. Соны әрқашан білгейсің. Астаналық қыздармен бірге Айгүлдің құрметіне ән шырқаймыз,

— деді Қарақат Әбілдина.

Тойға жиналған өнер иелері бір-бірінен қалыспай, би билеп жарысты. Кеш қонақтарына Ақтөбе қаласынан жеткізілген алып торт ұсынылды. Ақ түсті әрі ерекше сәнді торттың бағасы арзан емес.

Экспресс К бұған дейін Иманбаеваның әнші Нұрболат Абдуллинмен түскен суреті елдің ашуын туғызғанын жазды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров