Депутаттар

Депутат дәмханада аузына келгенін айтып, шу шығарды

Ержан ШАЙЖАН

Видеодан кадр

Батыс Қазақстан облысында Бәйтерек аудандық мәслихатының депутаты Бекболат Шканов дәмханада шу шығарды. Ол қоғамдық орында аузына келгенін айтып, қызметкерлерді боқтап жатыр.

Депутаттың оғаш әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Дөрекі сөйлеген депутаттың бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тарады. Онда Бекболат Шканов дәмханадағы адамдарға былапыт сөз айтып жатыр. Мgorod.kz басылымына телефон арқылы берген жауабында депутат өзінің әрекетін былай түсіндіреді.

"Мені дәмханалардың бірінде ұрып-соғып кетті. Қазір қылмыстық іс жүргізіліп жатыр. Сондықтан тергеу мүддесі үшін бұған қатысты әзірге еш нәрсе айта алмаймын. Бейнежазбаны монтаждап, әлеуметтік желіге таратқандар маған жан-жақты қысым көрсетуге тырысты. Өйткені мен депутатпын ғой. Бопсалағанды кім ұнатсын? Ондай кезде кез келген адамның аузынан артық сөз шығады", — деді Бекболат Шканов.

Шкановтың жол жөндеумен айналысатын "ШамШын" ЖШС-ін басқаратынын айта кетейік.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров