Қазақ журналистері ешқандай қудалауға түспейді - министр


Асқар Умаров/primeminister.kz
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров Қазақстанда журналистер қудаланбайтынын айтты.
Үкімет отырысынан кейін тілшілер министрден "соңғы кездегі Ресейдегідей Қазақстанда да тілшілер қудалана ма?" деген сұрақ қойды, деп хабарлайды Экспресс К.
Бұл біздің жолымыз емес. Қазақстанда журналистер қудаланбайды,
Сосын ол мемлекет басшының жолдауында айтылған БАҚ туралы заң қашан қайта қаралатынын айтты.
"Ең алдымен оны қоғаммен талқылаймыз. Кейін сарапшылармен жұмыс жүргіземіз. Қысқа мерзімде дайындауға тырысамыз. Ең бастысы, сапасына мән беріледі. БАҚ өкілдерінің заңнамалық өзгерістерінде қоғамға және мемлекетке, әрине, оның ішінде тілшілерге қажетті мәселелер қаралатын болады", — дейді Асқар Умаров.
Ал премьер- министр Әлихан Смайылов Үкімет мүшелері журналистермен тығыз байланыста жұмыс істеуі тиіс екенін жеткізді.
Оқи отырыңыз:


Үкімет мүшелері журналистермен тығыз байланыста жұмыс істеуі қажет. Ашық жұмыс қана қоғамның Үкіметке деген сенімін қалыптастырады,
Бұған дейін Президент БАҚ туралы заңды қайта қарау керек деген болатын.
Бөлісу