Порнография

Елімізде порнофильм түсірген Қырғызстан азаматтары ұсталды

Есен ҮРКІМБАЙ

ПД баспасөз қызметі

Еліміздің үш мегаполисінде порнографиялық фильм түсірумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Олар порноны жұртқа онлайн көсеткен.

Inbusiness.kz-тің жазуынша, ұсталғандардың арасында Қырғызстан азаматтары бар, деп хабарлайды Экспресс К.

11 күдікті ұсталған. Олардың бесеуі Қазақстан азаматтары емес.

"Былтыр шілдеде интернет арқылы әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде онлайн түрде көрсетілген порностудия белгілі болған. Алайда оны анықтау үшін жарты жыл бойы іздеу іс-шаралары жүргізілді. Соның нәтижесінде Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының тұрғындары күдікке ілініп, қолға түсті. Олардың алтауы Қазақстан, бесеуі Қырғызстан азаматтары. Топ мүшелері үш қаладағы жалдамалы пәтерлерлерде құрықталған. Қазір олардың барлығы қамауда. Тексеру барысында күдіктілерде 44 мың АҚШ доллары, 2 "Тойота Камри-70" және "Лексус GX 460" автокөлігі тәркіленді", — дейді Шымкент қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Арман Бейсенбаев.

ПД баспасөз қызметі

Тексеру барысында 10 порноөнім түсіретін студия табылған. Бұл фильмдерді түсіруге елуге жуық қыздар қатысыпты. Арасында кәмелет жасына толмағандар да бар екен.

"Ұйымдасқан қылмыстық топтың әрбір мүшесі өз рөлін атқарған. Жалдамалы пәтерлерде жабдықталған 10-нан астам веб-студиялар жұмыс істегені белгілі болып отыр. Онда шамамен 50-ден астам қыз жұмыс істеді. Олардың екеуі кәмелетке толмағандар. Олардың көпшілігі есірткі өнімін қолданады. Веб-порно студиясының аудиториясы негізінен шетел азаматтары болған. Олар қызметтерді шетелдік валютамен төлеген. Бұл Қазақстанда уақыт режимінде жұмыс істеген порностудия дерегін анықтаудың алғашқы оқиғасы болып отыр. Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасуда", — деді полковник Арман Бейсенбаев.

Қылмыстық оқиғаға қатысы бар топты Қырғызстан азаматы ұйымдастырғаны анықталып отыр. Күдікті қырғызстандықтан және оның серіктерінен тінту кезінде есірткі де тәркіленген. Қазір оларға қатысты қылмыстық кодекстің "ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған басшылық ету", "кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарын дайындау және олардың айналымы немесе оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысу үшін тарту" баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров