Newscorr

Мародерлар ломбардтың есігін мылтықпен атқылап ашып, тонап кеткен

Экспресс К

Видеодан кадр

Қаңтардағы қақтығыс кезінде бейнекамераларға түсіп қалған видеоларды куәгерлер әлі де редакциямызға жолдап жатыр. Солардың бірінде бұзақылардың ломбардты тонап жатқан кезі түсіп қалған.

Мародерлардың ломбардтың есігін мылтықпен атқылап жатқаны түсіп қалған видеодағы оқиға Алматы қаласының қақ ортасында болған, деп хабарлайды Экспресс К.

Newscorr-дың тұрақты авторларының бірі жолдаған видеода Алматының орталық көшелеріндегі ломбард тонап жатқандардың әрекеті түсірілген.

Бейнежазбадан көрініп тұрғанындай, алдымен бетін тұмшалаған бір жігіт ғимаратттың есігін таспен ұрып қирата алмады. Одан соң сом темірмен келген екіншісі де ойын жүзеге асыра алмады. Соңынан 5 еркек топталып келіп, есіктің құлпын қосауыз мылтықпен атқылап, ашып алғаны байқалады.

Ақырында есікті ашқан мародерлар ломбардтағы бүкіл алтын-күміс пен бағалы зергерлік және тұрмыстық бұйымдардың дымын қалдырмай тонап кеткен.

Анықтама: Жалпы "қаңтар трагедиясы" кезінде еліміз бойынша 100-ге жуық ломбард тоналған. Оның басым бөлігі Алматы қаласы мен облысы және Қызылорда облысына тиесілі. Ломбардтарға келген жалпы шығын көлемі — 1,2 миллиард теңге.

Сіздер үшін! Newscorr сервистік қызметі барлық тұрғындарға арнап азаматтық журналистиканың жаңа нұсқасын ұсынады. Мұнда кез келген азаматтың бізге эксклюзивті фото немесе бейнежазбасын жіберіп, 100 мың теңгеге дейін табыс табуға толық мүмкіндігі бар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров