Қасқыр

Айдалада көлікке қарсы шапқан қасқыр жұртты таңғалдырды

Кәмшат ҚОПАЕВА

Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде көлікке қарсы шапқан қасқырдың видеосы пайда болды.

Бейнежазба instagram-дағы aktobe_tv04 парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Экспресс К.

Видеода ұзын жолдың бойында келе жатқан көлікке қасқыр қарсы шабады. Бейнежазба авторы "Қасқыр келе жатыр. Мәссаған, мынау жынды ғой, машинаға соғылды" дейді.

Видеоның астына әлеуметтік желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған. Бірі "аш сияқты", "көмек сұраған тәрізді", "құтырған шығар" деп пікір қалдырса, енді бірі "қолға үйретілген емес пе? Өткенде қасқырды бағып, далаға жіберіп жатқан видеоны көріп едім" деп жазған. Ал біреулер "қант іздеп жүр" деп әзілдесе, бірі "атып тастау керек" депті.

Ал видеоның қай жерде түсірілгені белгісіз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров