Қайрат Нұрлыбаев

83,7 млн-ды жымқырды деп айыпталған облыс әкімінің орынбасары ақталды

Фархат ӘБІЛОВ

Қайрат Нұрлыбаев/Әкімдіктің баспасөз қызметі

Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев ақталды.

Әкімнің орынбасары мен шаруа қожалығының директоры бюджет қаржысын талан-таражға салды деп айыпталған болатын, деп хабарлайды Экспресс К.

Облыс әкімнің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев 83 миллион 700 мың теңге көлеміндегі инвестициялық субсидияларды "Бұйырғын" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне заңсыз төлеген.

Прокурор Нұрлыбаевты ҚК 189-бабының 4-бөлімімен (Аса ірі көлемде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) кінәлі деп тауып, 10 жылға бас бостандығынан және өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыруды сұраған болатын. Бірақ Атырау қалалық №2 соты әкім орынбасары мен оның сыбайласын ақтады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров