Newscorr

Newscorr: Алматының 15 көшесін су басып қалды

Экспресс К

Видеодан кадр

Оңтүстік астанада аптаның басында басталған жауын-шашын әлі басылар емес. Толассыз жауған нөсерден қаланың төменгі бөлігінің су астында қалу қаупі бар.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгіннің өзінде 15 көшедегі үйлер мен әлеуметтік нысандарды су басып қалды, деп хабарлайды Экспресс К.

Newscorr-ға видео жолдаған автордың айтуынша, Алматының солтүстігіндегі ірі базарлардың біріне кіріп-шығу мүмкін емес. Кадрден суға белшесінен батып жатқан автотұрақтағы көліктер мен әбігерге түсіп жатқан адамдарды көруге болады. Көпшілік әр жерге тас, кірпіш, темір бөлшектерін қойып, судан секіріп өтуге мәжбүр.

ТЖД мәліметінше, наурыздың басынан бері Алматыда 87 мм жауын жауып үлгерген. Ал айлық қалыпты жауын-шашын мөлшері 76 мм болуы тиіс еді.

Мамандар қаланың төменгі бөлігінің суға батуына бітеліп қалған арықтар мен артық суды ағызатын құбырлардың тұрмыстық қалдықтарға толып қалуы себеп деп отыр.

Сіздер үшін! Newscorr сервистік қызметі барлық тұрғындарға арнап азаматтық журналистиканың жаңа нұсқасын ұсынады. Мұнда кез-келген азаматтың бізге эксклюзивті фото немесе бейнежазбасын жіберіп, 100 мың теңгеге дейін табыс табуға толық мүмкіндігі бар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров