Джо Байден

"Баскесер, қандықол диктатор". Джо Байден Путинге тағы да қатты сөздер айтты

Олжас НҰРЖАҚЫП

Джо Байден / Владимир Путин / © AP

АҚШ Президенті Джо Байден Путиннің әрекетін сынауын тоқтатар емес. Бұл жолы ол Ресей Президентіне қатысты қатты сөздерін тіпті үдете түскен.

Осылайша дипломатиялық ресми қарым-қатынас байланысындағы әдептен аттап отыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын "Ирландия достары" түскі асында АҚШ Президенті Джо Байден Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге қатысты ойын тағы бір қайталады. Оның бейнежазбасын Топор телеграм-арнасы жариялады. Видеода ол көзқарасын кеңейте түскен.

Қазір Ирландия мен Ұлыбритания Украинаға қарсы азғын соғыс жүргізіп отырған қандықол диктаторға, баскесерге қарсы тұруда,

— дейді ол.

Яғни, екі мемлекеттің әрекетін жеткізу үшін Путинге "қандықол, баскесер" деген айдар таққан. Байденнің бұған дейін Ресей Президентін "әскери қылмыскер" деп атауы біраз дау тудырған еді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров