"Әншілер құтырды". A.Z Зирузаға бірнеше рет пышақ тақады


Видеодан кадр
Ерке Есмаханның экс-ғашығы әрі танымал әнші Азамат Зенқаев желіде сынға қалды.
Өнер иесі би билеп тұрған жас әнші Зирузаға пышақ кезеп ойнады, деп хабарлайды Экспресс К.
Видеоны Зирузаның өзі Tik-Tok желісінде жариялады. Бейнежазбада Азамат қолына пышақ ұстап тұр. Ал оның жанында Зируза белі майысып би билеп жатыр. Кенеттен A.Z қолындағы пышағымен жас әншінің бетін сыйпап, кейін денесінің кейбір тұсына сұққандай әрекеттер жасап ойнайды. A.Z-ның бұл ойыны желі қолданушыларының ашуына тиді.
Оқи отырыңыз:
"Әншілер құтырды". "Мыналар өздерінің не істеп тұрғанын біле ме?", "Сұмдық". "Осы қылықтарын жас қыздар көріп, қайталайды ғой". "Осыларға неге шектеу жоқ?",
Экспресс К бұған дейін Зенқаев түнгі клубтардың бірінде жас әнші Зирузамен көңіл көтергенін жазды. Осыдан кейін көпшілік оларды қыз бен жігіт ретінде кездесіп жүр деп топшылады. Алайда қос әнші бұл жел сөзді жоққа шығармады.
Бөлісу