Назарбаев араға 10 ай салып, тағы бір қызметкерін босатты


ҚР Тұңғыш Президент баспасөз қызметі
Данияр Ақышев Елбасының көмекшісі қызметінен босатылды.
Бұл туралы Elbasy.kz сайтында жазылды, деп хабарлайды Экспресс К.


Данияр Ақышев
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының шешімімен Данияр Талғатұлы Ақышев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының көмекшісі қызметінен босатылды,
Оқи отырыңыз:
Ол бұл қызметке 2019 жылдың 9 сәуірінде тағайындалған.Данияр Ақышев 1976 жылы 25 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 2015-2019 жылдары еліміздің Ұлттық банкін басқарды. Ал одан кейінгі жылдары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көмекшісі болып жүрді.
Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев соңғы рет 2021 жылдың 5 мамырында Арслан Дәндібаевты Елбасы протоколының басшысы қызметінен босатқан.