Қар көшкін

Алматыда тау шаңғысы курортын қар көшкіні басып қалды

Олжас НҰРЖАҚЫП

Видеодан кадр

Алматы маңындағы Қотырбұлақ өзені жағасында етекке қар көшкіні құлады. Соның салдарынан ондағы тау шаңғысы курортының бірқатар нысаны қираған.

Абырой болғанда, зардап шеккен адамдар жоқ, деп хабарлайды Экспресс К.

Демалыс орнындағы оқиғаның бейнежазбасын альпинист, тау гиді Нұрбол Нұралин өзінің Іnstagram-дағы парақшасында жариялады. Видеода қар көшкініне байланысты дабыл соғылғанын естисіз. Мұнан кейін қираған, қар астында қалған демалыс орнының нысандарын көруге болады.

Таңғы мезгілде қар көшкіні курорттың құрылысын қиратып кетті,

— деп жазды ол.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінде оқиғаның 17 наурызда болғанын растады. Сол күні таудан 30 мың текше метр қар көшкіні жүрген. Оқиға орнына бірден "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің құтқарушылары барды.

Қар көшкініне байланысты қауіп әлі де сақталады. Қазіргі уақытта ең қауіпті нүктелерде қолдан көшіру жұмыстары жүргізілді. Соған қарамастан абай болғандарыңыз жөн,

— дейді қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Жалпы Алматы тауларында жүзден аса қар көшкіні жүруі мүмкін нүкте болса, оның 18-і ең қауіптілерінен деп саналады. Сондықтан алдағы демалыс күндерінде төтеншеліктер тауға шыққанда барлық талапты сақтауға әрі абай болуға кеңес берді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров