Түрме
Ақтөбеде сотталғандар Құран оқудан жарысты


Облыстық ҚАЖ департаменті баспасөз қызметі
Ақтөбеде жазасын өтеушілер Құран Кәрімді жатқа мәнерлеп оқудан сайысқа түсті.
Бұл шара Ақтөбе облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты КА-168/1 мекемесінде өтті, деп хабарлайды Экспресс К.
Жарысты облыстық дін істері басқармасы мен "Ихсан орталығы" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.
Оқи отырыңыз:
Сайыстың ережесі бойынша қатысушылар Құран Кәрімді мәнерлеп оқып, ережелерін сақтауы және дұрыс жаттауы керек.
Аталған шарттарды мүдірмей орындағандар жүлделі орындарға ие болды. Олар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұндай шараның сотталғандарды дерадикалдау және оңалтуда маңызы зор.
Бөлісу