Игорь Дужнов

Алматыда бес адамды атып өлтірген Игорь Дужновтың соты басталды

Экспресс К

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Алдын ала сот отырысында сотталушы алқабилер сотына қатысу құқығынан бас тартты.

Қылмыстық іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды, деп хабарлайды Экспресс К 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.

Айта кетейік, өткен жылдың 20 қыркүйегінде Алматының Ақбұлақ ықшамауданында орналасқан жекеменшік үйдің иесі Игорь Дужнов сот шешімін орындауға келген бес адамды атып тастады.

Прокурордың айтуынша, Дужнов үйден көшіру жұмыстары кезінде сот орындаушысы мен полицияға кедергі жасамақ болды. Өз әрекетін мұқият жоспарлаған ол мерзімі өтіп кеткен қаруды оқтап, гаражда жасырған.

Сотталушы 1-2 сағат қақпаны ашпай қойған. Кейін сот орындаушысы, полицейлер үйдің ауласына кіреді. Сол сәтте шарасыз қалған Дужнов, сот орындаушысына, үйдің жаңа иесі мен полицияға оқ атты,

— деді прокурор.

Кейін Игорь Дужновтың гаражға кіріп, алты патронмен жабдықталған карабинді алып шыққаны белгілі болды.

Прокурор оқиғаны қалай болғанын айтып берді.

Дужнов сот орындаушысына, үйдің жаңа иесі мен полицейлерге қақпа жаққа шегінуді бұйырған. Ол алдымен сот орындаушысына, кейін полиция қызметкерлеріне оқ атты, кейін үйдің жаңа қожайыны мен оның досын атып өлтірген,

— деді ол.

Прокурордың айтуынша, Игорь Дужнов қоршауға жүгіріп шығады. Сатымен көтеріліп, көшеде тұрған екі полиция қызметкері мен, жаңа үй иесінің туысына тағы да оқ жаудырған. Адамдар көлік артына жасырынып үлгерген.

Дужнов карабиннен 10 рет оқ атқан. Оның 9-ын сегіз секундта атып үлгерген.

18 наурыз күні сағат 15:00-де Игорь Дужновқа қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау өтті. Қылмыстық істі сот қарайды. Басты сот отырысы 29 наурыз күні сағат 10:00-де өтеді,

— деп мәлімдеді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров