Президент

"Қаңтар трагедиясы" бойынша 2 988 қылмыстық іс қаралып жатыр

Экспресс К

ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдады.

Ішкі істер министрі Президентке еліміздегі криминогендік ахуал, сондай-ақ қаңтар оқиғасы кезінде жасалған қылмыстарды тергеу ісі, кінәлілерді анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Экспресс К Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта 2 988 қылмыстық іс қаралуда, 188 іс бойынша айыпталу актісі шыққан, оның 166-сы сотқа жіберілген. Сонымен қатар тоналған қаруды заңсыз айналымнан қайтарып алу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр,

— деді Марат Ахметжанов.

Марат Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудағы жаңа тәсілдер, мамандармен жұмыс істеудің тиімділігін арттыру, цифрландыру есебінен меритократия қағидаттарын және процесстердің ашықтығын қамтамасыз ету туралы айтты.

Ішкі істер министрі мемлекет басшысына қылмыстық-атқару жүйесін жаңғырту, құқықтық тәртіпті және сотталғандар отыратын жәйді жақсарту және оларды қайта әлеуметтендіру жөнінде баяндады.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент министрге еліміздегі құқықтық тәртіптің деңгейін одан әрі арттыру, ішкі істер органдарының қызметін сервистік модельге өткізу бойынша бірқатар тапсырма берді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров