Қазақстан бюджетіндегі кедендік баж салығы доллармен есептелетін болады

Экспресс К

©️ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Қазақстан Республикасына жиналатын импорттық кеден баждары бұрынғыдай АҚШ долларымен бөлініп, есепке алынады.

Бұл туралы Қазақстан Үкіметінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.

Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісім шартта мүше мемлекеттердің бір-бірінің бюджетіне импорттық кедендік баждарды жинау және өзара аудару бойынша міндеттемелер қарастырылған.

Ол үш кезеңнен тұрады:

  • үшінші елдерден келіп түсетін тауарлардан ұлттық валюталарда импорттық баждардың сомаларын жинау;
  • мпорттық баждардың келіп түскен сомаларын белгіленген коэффициенттерге сәйкес бөлу;
  • АҚШ долларына айырбастау және оларды кейіннен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге жіберу

"Ресей Федерациясына салынған санкцияларға байланысты мүше мемлекеттердің кедендік әкелу баждарын Ресей Федерациясы мен Беларуське доллармен аударуы мүмкін емес. Келіссөздер қорытындысы бойынша қазақстандық нұсқа қолдау тапты: Ресей Федерациясына және Беларусь Республикасына кедендік әкелу баждарын есепке алу және бөлу үшін Ұлттық жөнелтуші банктердің бағамы бойынша Ресей рублі пайдаланылатын болады", — делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасына, сондай-ақ Армения Республикасына және Қырғыз Республикасына жиналатын импорттық кедендік баждар бұрынғыдай, АҚШ долларымен бөлінеді және есепке алынады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров