Қайрат Сатыбалды

Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі екі айға қамауға алынды

Экспресс К

©️ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Бірнеше рет рейдерлік шабуылға қатысты деген күдікпен ұсталған Гүлмира Сатыбалды екі айға қамауға алынды.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.

2022 жылғы 18 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Гүлмира Сатыбалдыға қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады",

— делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша басқа да деректер ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров