Атыс

Алматы маңындағы қарулы қақтығысқа қатысқандар ұсталды

Экспресс К

© ЭК

Алматы облысының полицейлері 7 наурызда Шамалған ауылының маңында болған атысқа қатысты деген күдікпен 17 адамды ұстады.

Бұл туралы Алматы облысы ПД-нің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.

7 наурыз күні Шамалған ауылының маңында екі топқа бөлінген 30-ға жуық адам төбелесті. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары жиналған топтан тәртіпсіздікті тоқтатуын талап етті. Алайда, төбелеске қатысушылар полицияға оқ жаудырып, оқиға орнынан тайып тұрған. Қақтығыс кезінде төбелеске қатысушылардың біріне оқ тиіп, ауруханаға жеткізілді.

Әлеуметтік желілер мен БАҚ-ты дүр сілкіндірген оқиға бойынша қылмыстық заңның бірнеше бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысын облыстық полиция департаменті өз бақылауына алды,

— делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері 17 адамды ұстады, оның 16-сы қамауда. Біреуі үйқамаққа алынды. Төбелеске қатысқан тағы үшеуіне халықаралық іздеу жарияланды.

Күдіктілер ҚК-тің 293-бабы (Атыс қаруын қолдана отырып, бұзақылық жасау), 380-баптың 1-бөлімі (Құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қауіп төндіру), 24-99-баптарға (Адам өлтіруге оқталу) бойынша айтыпталды.

Қақтығысқа қатысушылардан әртүрлі калибрлі 12 атыс қаруы мен 8 көлік тәркіленді. Олар қажетті сараптамалардан өткізіліп, арнайы автотұраққа қойылды.

Полиция төбелеске қатысқан басқа күдіктілерді іздестіріп жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров