Ұлттық Банк: "Шетел валютасымен қамтамасыз ету мәселесі тұрақталды"


©️ЭК/Андрей ХАЛИН
Ұлттық банктегілер елде шетел валютасына көп сұраныс жоқ екенін айтты.
Тиісті лицензиясыз айырбастау операцияларын жүргізіп, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқандар заңмен қудаланады, деп хабарлайды Экспресс К Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасының аумағында екінші деңгейлі банктер мен өздеріне берілген лицензия негізінде банктік емес айырбастау пунктері ғана қолма-қол шетел валютасын айырбастау операцияларын жүргізе алады,
Ұлттық Банк тиісті лицензиясыз айырбастау операцияларын жүргізу заңсыз кәсіпкерлік түріне жататындығын, ол үшін ӘҚБтК-тің 155, 463-баптарымен және ҚК-тің 214-бабымен әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.
Заңсыз делдалдар, оның ішінде интернет алаңдары мен әлеуметтік желілер арқылы айырбастау операцияларын жүргізуді ұсыну — заңсыз саналады. Жалған монета жасаушылармен мәміле жасау аса қауіпті.
"ҚҰБ мүдделі мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, ішкі қолма-қол шетел валютасы нарығындағы жағдайға тұрақты мониторинг жүргізіп келеді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында валюта айырбастаудың, сол сияқты төлем карточкаларын пайдалану, онлайн-банкинг секілді балама түрлері де қарастырылған, олар әлдеқайда қолжетімді әрі 24/7 режимінде қауіпсіз қызмет көрсетеді", -делінген хабарламада.
Ұлттық банктегілер тұрғындарды қолма-қол шетел валютасымен қамтамасыз ету мәселесі тұрақталғанын, халық тарапынан аса сұраныс жоғын айтты.
Ел ішінде ішкі валюта нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ҚҰБ екініші деңгейлі банктерді қажеттілігіне қарай қолма-қол шетел валютасымен қамсыздандырып отыр,