Жол апаты
Президенттің туысы ұшыраған жол апатынан 8 адам қаза тапты


Әлеуметтік желіден
Апаттан көз жұмғандардың арасында 5 жасар бүлдіршін бар.
Ozodlik.org таратқан ақпарат бойынша қайғылы оқиға Өзбекстандағы Даштабад қаласында болған, деп хабарлайды Экспресс К.
Даштабад-Замин тас жолының бойында екі жеңіл автокөлік бір-біріне бетпе-бет келіп соғысқан. Апатқа ұшыраған бір көліктің тізгінінде Өзбекстанның президенті Шавкат Мирзиеевтің 15 жастағы туысы болыпты.
Ал қаза тапқан бір отбасының 8 адамы қарсы келіп соқтығысқан көлікте отырған.
ОҚи отырыңыз:
Өзбекстан президентінің туысы Ибрагим Абдукаримов жол апатынан жарақат алған. Бұл мәліметті Республикалық жедел медициналық көмек көрсету ғылыми орталығы Жизақ филиалы Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Б.Холмырзаев берген.
Бөлісу