Қызмет

Қаңтар оқиғасынан кейін биліктен кеткендер қайтып орала ма?

Бек ТӨЛЕУОВ

Асқар Мамин / Бақытжан Сағынтаев /Нұрлан Нығматулин / Бауыржан Байбек, 

Қаңтар оқиғасынан кейін билікте біраз ауыс-түйіс болды. Бірнеше жыл әкім, министр болғандардың көбі орнын босатты.

Сол шенеуніктер билікке қайтып келуі мүмкін бе? Осы сұраққа TALKLIKE жобасында кинорежиссер Ермек Тұрсынов жауап берді, деп хабарлайды Экспресс К.

Соңғы 1-2 ай көлемінде Асқар Мамин, Нұрлан Нығматулин, Бауыржан Байбек, Бақытжан Сағынтаев және тағы басқа билікте ұзақ жыл жүргендердің көбі қызметсіз қалған еді. Кинорежиссердің айтуынша, билікке қайта шақырса, олар оралуға дайын.

Олар бұрынғы биліктің адамы болғандықтан, сәл былғанып қалды. Бұл азаматтардың ел басқаруда тәжірибесі бар. Бәлкім, жаңа жүйеге бейімделіп аласың ба десе, кейбіреуі істеп кетуі мүмкін. Бірақ мен бұған ешқандай кепілдік бере алмаймын,

— дейді Ермек Тұрсынов.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров