Қыздар

"Қыздай кетті". 60 жаста ұзатылған апаны күйеу жігіт көтеріп әкетті

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде қыз секілді ұзатылып жатқан 60-жастағы апаның тойында түсірілген бейнежазба тарады.

Қалыңдықты екі жағынан қолтықтап келе жатқан жеңгейлері сыңсу әнін айтып шығарып салады, деп хабарлайды Экспресс К.

Егде жасқа келгенмен апа ұзатылу рәсімі кезінде жас қыздарша сәукеле мен ұлттық киімін киіп алған. 60-жастағы апаны өзіне жар еткен ер кісі де жас емес екені көрінеді. Бірақ видеода күйеу жігіт қалыңдығын шамасы жеткенше көтеріп алып кетеді.

Ал ерекше өткен ұзату тойына желі қолданушылары өздерінің тілектерін жаудырды.

"Қыздай кетіпті", "Бақытты болсын. Қай жас болса да, өз еңін тапса, болды", "Сәукелесі әдемі екен. Өзіне жарасып тұр", "Күйеу жігіт дұрыс көтермеді"

деп жазды пікір білдірушілер

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров