Полиция

Шымкентте полиция қызметкері кассирді атып, 32 млн теңгесін алып кеткен

Экспресс К

Pixabay

Осыдан 11 жыл бұрын, тападай тал түсте "Нұрбанк" мекемесінің Шымкенттегі филиалы ғираматында «Ақ Орда» корпорациясының кассиріне шабуыл жасалған еді.

Шымкент қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова ЭК тілшісіне Оңтүстік аймақты дүр сілкіндірген қылмыстың мән-жайын айтып берді.

Оқиға 2021 жылдың 8 сәуірінде болған. Сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысының ІІД 102 пультіне сағат 11:45-те телефон соғылды. Шымкенттегі үйдің ауласынан оқ дауысы естілген. Жедел тергеу тобы ер адамның мәйітін тапты. Тағы бар адам жараланған еді,

—дейді Қаракөзова.

Оқиғадан "Ақ Орда" корпорациясының кассирі мен күзетшісі зардап шеккен. Яғни кассир қаза тауып, күзетші жараланған. Кассирдің қолындағы қызметкерлердің жалақысын төлеуге арналған 32 миллион теңге үшті-күйлі жоғалып кеткен. Абырой болғанда, куәгерлер шамамен 20-25 жастағы екі жігітті көргенін айтып, олар БМВ маркалы көлікпен оқиға орнынан қашып кетті деп ақпарат берген.

Бұның өте ауыр қылмыс екенін ескере отырып, қылмыскерлерді ұстау үшін департаменттің жедел құрамы түгел жұмылдырылған еді. Операцияны генерал Қайрат Дәлбеков өз мойнына алған. Ол кезде Дәлбеков бұрынғы ОҚО ІІД басшысының орынбасары еді,

—дейді Қаракөзова.

Ең таң қаларлығы — полиция күдіктілердің біреуін алыстан емес, өздері жұмыс істеген ғимараттың іші — полиция бөлімшесінен тапқан. Ол әл Фараби аудандық полиция басқармасының жедел уәкілі 32 жастағы Шавкат Мүслімов болып шықты.

Есеп беру керек деген сылтаумен басшының алдына шақыртылған Мүсілімовтің қолына дәл сол кабинетте кісен тағылған. Жедел уәкіл кінәсін мойындаған жоқ, алайда, тергеушілер бұлтартпайтын дәлелдердің арқасында оның ауыр қылмысқа қатысты екенін анықтады,

—дейді 11 жыл бұрынғы қылмысты есіне алған Қаракөзова.

Қылмыс жасалған уақыттан бір ай өткенде, полиция екінші қылмыскерді де қолға түсірген. Ол бұрын сотталған 28 жастағы Ахрорбек Әбдуллаев болып шықты. Одан қылмыс жасалған қару табылған.

Анықталғандай, "Ақ Орда" кассиріне жасалған шабуыл бұл екі жігіттің алғашқы қылмысы емес екен. Оның алдында қаруланған жігіттер айырбастау пунктінен шығып келе жатқан тағы бір кәсіпкерге оқ атып, оның 8 млн теңгесін тартып алған. Ең қызығы капитан Мүсілімов өзі атқан адамның қылмысын ашуға өзі кіріскен. Тергеу барысында Мүсілімов пен Абдуллаевтан БМВ маркалы көлік тәркіленген.

Сонымен қатар, күдіктілерді жараланған күзетші таныған. Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 4 бабы бойынша іс қозғалған,

—дейді Салтанат Қаракөзова

Резонанс тудырған қылмыстық іс алқа билердің қатысуымен өтіп, сот Шавкат Мүслімовті мүлкін тәркілей отырып 18 жылға, Абдуллаевты 20 жылға соттады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров