Қайғылы оқиға

Таразда 35 жастағы азаматты МРТ аппараты тартып әкетті

Экспресс К

elements.envato.com

Таразда 35 жастағы жергілікті тұрғын магниттік-резонанстық томография аппаратында көз жұмды.

Апталдай азаматты медициналық құралдың магниті ішке қарай тартып әкетіп, ол соның аузында кептеліп ажал құшқан. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасап, Экспресс К хабарлайды.

Телеарнаның мәліметінше, мекемеде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жүрген екі жігіт МРТ аппаратын орнынан жылжытпақ болған. Сол кезде ұдайы қосылып тұратын медициналық қондырғының қуатты магниті Фуркат Хусаин-Ахуновты ішіне тартып кеткен.

35 жастағы азамат екі бүктеліп аузында кептеліп қалыпты. Бірден есінен танған жігітті алып шығуға адамдардың күші жетпей, кейін денесін жүк көлігімен суырып алуға тура келген.

Қаза болған азаматтың жақындары оқыс оқиғаға кінәлілерді анықтап, жазаға тарту керек дейді. Ал болған жағдайға түсініктеме беретін медициналық орталықтан бірде-бір өкіл табылмады. Марқұмның артында әйелі мен төрт жасар қызы қалды.

Ол біздің асыраушымыз еді. Енді не істедік?! Маған ұлымды қайтарып берсін. Ол әлі өмірдің қызығын көрмеді. Артында кішкентай қызы жетім қалды. Жұмыс істейтін бөлмені өздері босатып беруі керек емес пе? МРТ-ны орнынан қозғалтуды осыларға жүктеген,

дейді марқұмның анасы Вазира Хусаин-Ахунова.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабы, 3-бөлігімен (Еңбек қорғау ережелерін бұзу) тергеу басталды. Қажетті сот-медициналық сараптамалар жүргізіледі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров