Молдова

Ресей елшілігі қысым көрген орыстілді тұрғындарды арыздануға шақырды

Бек ТӨЛЕУОВ

Майя Санду 

Молдова президенті Майя Санду оккупацияланған Приднестровьедегі орыс әскерін әкетуді талап етті.

Осыдан кейін Молдовадағы Ресей елшілігі орыстілді тұрғындарға қысым күшейіп жатса, елшілікке арыздануға кеңес берді, деп хабарлайды Экспресс К.

Ұлттық, тілдік, мәдени, діни және өзге де белгілер бойынша кемсітушілік, сондай-ақ зорлық-зомбылық сипаттағы әрекеттер немесе өмір мен денсаулыққа қауіп төндіретін әрекеттер жасау жағдайларының көбеюіне байланысты елшілікке хабарласыңыздар,

Бірақ елшіліктің Facebook желісіндегі парақшасында жазылған осы хабарландыруға пікір білдіргендердің басым көпшілігінің көзқарасы басқаша.

"Сендердің көмектерінсіз-ақ бізде бәрі тамаша", "Мұндай ұлтаралық қақтығысты қоздырмандар", "Ешқандай көмектің қажеті жоқ", "Өзім орыс ұлтының өкілі болсам онда кемсітушілік жоқ",

— деген секілді пікірлер жазылған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров