Түнгі көбелектер

Нұр-Сұлтан мен Алматының жезөкшелері клиенттердің аты-жөнін жария етті

Экспресс К

elements.envato.com

Қазіргі заманда қай жерге барып, қай жерден келгеніңді жасыру қиын болып барады.

Ұялы қосымшаның арқасында Нұр-Сұлтан, Алматы және өзге қалалардың жезөкшелері өздеріне келген адамдардың аты-жөндерін, тіпті, олар туралы басқа ақпараттарды да жария етіп жіберген, деп хабарлайды Экспресс К.

Ақпараттық технологиялар дамыған сайын адамның үнемі пайдаланатын жеке нөмірі арқылы оның кім екенін тез анықтауға болады. Әрине, ол адамды басқа біреу телефон нөміріне қалай сақтап алғанын білетін ақылы қосымшалар бар екені бұрыннан белгілі. Ал, қазір осындай ақылы қызметтердің көмегімен ол нөмір туралы өзгелердің пікірін, оны неше адам бұғаттағанын, кейбір жағдайда нөмірі арқылы әлеуметтік желідегі жеке парақшаларын біліп алуға болады.

Осы және өзге де қосымшаларды "түнгі көбелектер" пайдасына жаратып жүр. Өйткені олардың "жұмысы" үнемі қатерге толы. Себебі оларға кейде маньяктар, адам зорлайтындар, тіпті, полиция қызметкерлері хабарласып, қызметін пайдаланады..

Тіпті, жезөкшелер WhatsApp желісінде топ ашып, проблема тудыратын ерлер туралы ақпарат алмасып отыратыны тағы бар екен.

Сондықтан болар, арнайы сайттарда бұндай жолды таңдаған қыздар тек негізгі нөмірден қоңырау қабылдаймыз деп жазады. Кейбіреуі болса, келетін жігітпен видеоқоңырау арқылы сөйлескенен соң ғана "жұмысқа" келіседі.

Жезөкшелердің қылмыс әлемімен байланысты екенін ескерсек, олардың қолына түсетін бұл ақпарат кейде адамды бопсалауға да негіз болып жатады. Мәселен, сіз үлгілі отағасы болсаңыз, бәлкім, құндылықтар туралы көп айтатын депутат болсаңыз, бұндай бопсалау жезөкшелердің оң жамбасына келетіні анық...

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров