Насыбай

"Халал насыбай" сатушылар елдің ашуын тудырды

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

instagram.com/paidaly_kenes

"Халал насыбай" деп көрсеткен қаптамадағы жасыл заттың видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Бейнежазбада қазақ жігіттері қаптама ішінен шыққан затты таныстырып жатады, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл затты жазба авторлары жаңадан шығарылған насыбай деп атайды. Олардың сөзінше бұл насыбай мұсылмандарға арналған. "Халал насыбайдың" шыққанына жігіттердің өздері де таңырқап тұрғанын айтады.

Мынаны қара, халал насыбай депті. Ішінде 12-сі бар. Әр түрлі дәммен шығарылған. Насыбайдың халалы бола ма өзі?

— деп жазылған бейнежазбада.

"Халал насыбайдың" қай жерлерде сатылып жатқаны белгісіз. Бейнежазбадағы жігіттердің сөйлеу мәнері батыс өңірінің диалектісіне келіңкірейді. Ал желі қолданушылары бұл жағдайға сыни пікірлерін білдірді.

"Құдай сақтасын. Харам нәрсені қалай халал қылады?", "Ертең арақтың халалын шығарады бұлар", "Имамдар қайда? Айтсаңдаршы мынау дұрыс емес қой"

— деп жады пікір білдірушілер

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров