Наурыз тойы

Жаңақорғанда наурыз тойынан кейін алаңның астаң-кестеңі шықты

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

facebook.com

Қызылорда облысына қарасты Жаңақорған ауданында наурыз тойынан кейінгі жағдайдың көрінісі жұрттың жағасын ұстатты.

Бүгін аудан орталығында киіз үйлер тігіліп, дастархан жайылды, деп хабарлайды Экспресс К.

Қалталы азаматтар өз қаражаттарымен алаңға келген көпшілікке тегін наурыз көже үлестірген. Бірақ қызық той біткен соң басталған. Аудан тұрғыны Сандуғаш Тұрлыбекова наурыз думанынан кейінгі көріністі желіге жариялады.

Мерекені тамашалауға келгендер көжеден ішіп, кейбірі қалтаға салып әкеткен екен. Ал жайылған дастархан маңын әбден ластап кеткен. Қоқыстары шашылып, желмен ұшып жатқан орталық алаңды әзірге ешкім жинап үлгермепті.

Не болды мынау? Тырдай болды ғой. Соғыс болған ба? Жейтінін жеп алып, шашып кетіпті ғой. Не болса да, наурыз құтты болсын. Тоқшылық болсын,

— дейді Сандуғаш Тұрлыбекова.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров