Серік Үмбетов

Серік Үмбетовтің туған інісі жантүршігерлік жол апатынан қайтыс болды

Бек ТӨЛЕУОВ

 Пресс-служба АЖК

Желіде жан түршігерлік жол апатынан "Алатау Жарық компаниясының" бұрынғы басшысы Мұхит Үмбетовтің қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады.

Ол Алматы, Жамбыл облыстарының әкімі болған, Президенттің іс басқармасына жетекшілік еткен Серік Үмбетовтің туған інісі, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл видео Telegram арналарда тарады. Желіде оқырмандар жантүршігерлік жол апаты Алматының іргесіндегі Ұзынағаш болғанын жазған. Осыған байланысты Алматы облыстық Полиция департаментіне хабарласқанбыз.

19 наурыз күні Алматы облысы, Жамбыл ауданына қарасты Ұзынағаш ауылында Toyota Land Cruiser-200 көлігі жол апатына ұшырады. Алдын ала болжам бойынша, жол талғамайтын көліктің 62 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмаған,

— делінген хабарламада.

Сөйтіп, жүргізуші жол жиегіне шығып бара жатып ағашқа соғылған. Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, ер адам оқиға орнында көз жұмған. Осыған байланысты қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Мұхит Үмбетов 1960 жылы дүниеге келген. Мамандығы — энергетик. Соңғы жылдары "Алатау Жарық компаниясы" АҚ (АЖК) басқарма төрағасы болған. Бұл қызметінен 1 ақпанда кеткен. Ол бұл компанияны 2011 жылдан бері басқарған.

Ағасы Серік Үмбетовпен ЭК тілшісі сұхбат алу мақсатында жақында хабарласқан. Бұрынғы шенеунік былтыр Сенаттан кеткен соң, зейнетте екенін айтты. Қазіргі кезде Алматыда тұрып жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров