Президент

Алматылық жастар Президентті қолдауға жиналды

Экспресс К

Алматы қаласында "Жаңа Қазақстан. Күшіміз бірлікте" атты фестиваль өтті. "Алматы аренда" өткен шараға 15 мыңнан аса жас қатысты.

Фестивальдің басты мақсаты Тоқаевтың жолдауында айтылған саяси реформаларға қолдау білдіру, деп хабарлайды Экспресс К.

Жастар бас қосқан үлкен жиында белсенділер, өнерпаздар, кәсіпкерлер және түрлі қоғамдық ұйымның өкілдері болды. Олар "Жаңа Қазақстанның" дамуына өз үлестерін қосатындарын жеткізді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жақында өткен " Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы" атты халыққа жолдауында: "Біз адамдардың энергиясына, таланты мен еңбекқорлығына арқа сүйейміз. Әрбір азаматтың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін барынша қолайлы жағдай жасаймыз. Тек осылай ғана біз халқымыздың жасампаздық әлеуетін арттыра аламыз" деген болатын.

Фестивальге келген халықаралық білім беру корпорациясының бірінші проректоры Қайыржан Меңдіғалиев президенттің бастамалары елдің дамуына өзгеріс әкелетіне сенімді. Сондықтан ол қазірден мемлекет басшысының төңірегіне бірігеміз дейді.

Қымбатты достар, бүгінде біздің Президентіміз айтқандай — "Біздің күшіміз — бірлікте". Осы күрделі кезеңде еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігі сияқты құндылықтар бірінші орынға шығады,

-деді Қайыржан Меңдіғалиев

Фестиваль-концерттің өтуіне демеушілік жасаған кәсіпкер, меценат Сырым Тау мен оның достары. Сондай-ақ бірнеше белсенді жастар осы шараның өтуіне өз үлесін қосқан.

Айта кету керек, осыдан 3 күн бұрын қоғам және бизнес өкілдері "Жаңа Қазақстан" қозғалыс ұйымын құратындарын мәлімдеген. Бұл ұйым тек Алматы қаласының жастарымен ғана емес, алдағы уақытта барлық өңір студенттерімен де жұмыс істейді деп жоспарланған. Алматы Аренадағы көпшілік бас қосқан жиын осы қозғалыс ұйымының құметіне ұйымдастырылды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров