Шоу-бизнес

LRT-ның құрлысына кеткен ақшаға 15 млн қой сатып алуға болады - Димаштың әкесі

Бек ТӨЛЕУОВ

Pixabay

Қазақстанның атын әлемдік деңгейге шығарып жүрген әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев LRT құрылысына кеткен қыруар қаржы туралы пікір білдірді.

Ол бұл ақшаға ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында қой сатып алуға болатынын айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

Елордамыздағы құрылысы аяқталмай, көзге күйік болып тұрған LRT-ға 1,5 миллиард доллар кеткен. Осы құрылыс басталған үш-төрт жыл бұрынғы бағамен бұл қаржыға 15 миллион қой сатып алуға болар еді. Әйтпесе, ауылдарда 120 мың үй тұрғызуға мүмкіндік бар,

— деп жазды Қанат Айтбаев.

Оның айтуынша, осы қаржыны ауылшаруашылығына салып, жүйелі жұмыс атқарғанда бүгінде мал басы екі еселенер еді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров