Жеңіл атлетика
Қазақстандық жеңіл атлет алғаш рет әлем чемпионатында жүлдеге ілікті


facebook.com/World Athletics
Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан жабық кешендегі әлем чемпионатында қазақстандық жеңіл атлет Надежда Дубовицкая қола жүлдеге ие болды.
Ол биіктікке секіру сайысы бойынша сынға түсіп, үздіктер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Экспресс К.
Дубовицкая Белградта 1 метр 98 сантиметрді бағындырды. Сөйтіп, үшінші орынға тұрақтады. Бірінші орын украиналық жас дарын Элеонор Паттерсонның еншісінде.


facebook.com/World Athletics
Оқи отырыңыздар:
Қазақстан жеңіл атлетикадан жабық кешендегі әлем чемпионатында жүлде алмағанына 10 жыл болған. Соңғы рет 2012 жылы Ольга Рыпакова Стамбұлда үш қарғып секіруден үздіктер қатарынан табылған.
Бөлісу