"Сенсация жасаймын". Әнші Гүлмира Ізбасқанова арабқа тұрмысқа шықпақшы

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

facebook.com/Қызықты видеолар

Анасы екеуі ән айтып танылған Гүлмира Ізбасқанова тез арада тұрмысқа шыққысы келетін көрінеді.

Ол Koremiz бағдарламасында тіпті араб жігіті үйленуге ұсыныс білдірсе, бірден келісімін беруге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

Әншінің айтуынша қазір тұрмыс құруына оның шашының қысқалығы кедергі болып жүр. Қазақ жігіттері өзі секілді қыздарға үйленгісі келмейді екен.

Біздің жігіттер шашы ұзын қыздарды жақсы көреді. Менталитет сондай. Ал шетел бізге қарағанда дамыған ғой. Олар жақсы көрсе, ештеңеге қарамайды,

— дейді әнші Гүлмира

Ал "араб жігіті ұсыныс білдірсе, келісесің бе?" деген сұраққа әнші бірден "әрине" деп жауап берді.

Сондай-ақ жақында Гүлмираның тез арада тұрмысқа шыққысы келіп жүргенін айтқан бейнежазбасы желіде тарады. Онда ол "шашы қысқа қыз тұрмысқа кетті деген сенсация жасағым келеді" деген.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров