БЖЗҚ

Халық зейнетақы жинағындағы 200 теңгеге дейін алып жатыр

Экспресс К

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Отбасы банктің хабарына сүйенсек, өтініштің көптігінен платформаның жұмысы нашарлаған.

Кейінгі үш күнде enpf-otbasy.kz порталында зейнетақының артығын пайдалануға 157 мыңнан астам өтінім қабылданған, деп хабарлайды Экспресс К.

Банк зейнетақы жинақтарының артығын пайдаланғысы келетіндердің барлығы 1 сәуірге дейін үлгеруі үшін демалыс және мереке күндері де жұмыс істеуге шешім қабылдаған.

Қазақстандықтардың БЖЗҚ-дан сұрататын ең төменгі сомасы — 200 теңге. Өтініш бергендердің орташа жасы — 36-45 жас. Платформаны пайдаланушылардың басым бөлігі ер адамдар,

— деп хабарлайды Отбасы банкінің баспасөз қызметі.

Бір жыл ішінде барлығы 1,5 млн өтінім өңделген.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров