Түркіменстанда жаңа президент ұлықталды


© Turkmenistan Presidential Press Service / AP
Түркіменстан астанасы Ашхабадта жаңадан сайланған президент Сердар Бердімұхамедовті ұлықтау рәсімі өтті.
Түркіменстанның бұрынғы президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың ұлы Сердар Бердімұхамедов ел тізгінін ресми түрде қолына алды, деп хабарлайды Экспресс К.
Жаңадан сайланған президент бұл сайлаудың "мүлдем жаңа тарихи жағдайларда" өткенін айтты,
12 наурызда өткен сайлауда Сердар Бердімұхамедов 72,97% дауыс жинап, жеңіске жеткен болатын. Ол бұрынғы президент саясатын жалғастыруға уәде берді.
Бұған дейін ЭК Түрікменстанда жаңа президент сайланғаны туралы жазған болатын.