Құрылыс

Алматыда заңсыз салынған құрылыс бұзылатын болды

Экспресс К


Алматы қаласы әкімдігі

Алматының Шұғыла шағын ауданында салынып жатқан 12 қабатты үй бұзылады.

Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.

Алматы сотының қаулысымен қала құрылысын бақылау басқармасының талап арызы қанағаттандырылып, Шұғыла шағын ауданы Байтелі батыр көшесі, 24 мекенжайы бойынша заңсыз салынып жатқан 12 қабатты көппәтерлі үйді бұзу туралы сот шешімі қабылданды,

— деді Мұхит Әзірбаев.

Ол "APT-TEХНОСС" ЖШС-мен дау былтыр маусымнан бері жалғасып келе жатқанын айтты.

Оның сөзінше, қалалық әкімдік қызметкерлері бірқатар заңсыз құрылыс нысаны бойынша істі сотқа жолдаған.

Айта кетейік, 2022 жылдың наурызында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан мен Алматы әкімдеріне қала тұрғындарының өтініштеріне құлақ асуды және тұрғын үй кешендерінің жанында көпқабатты үйлердің құрылысын тоқтатуды тапсырды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров