GGG

Головкин Golden Boy компаниясын сотқа берді

Экспресс К

instagram.com

Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясынан қарызын өндіріп алу үшін сотқа шағым түсірді.

Аllboxing.ru сайтының хабарлауынша, бұл қарыз 2018 жылы қыркүйекте сол кезде компанияның атынан шыққан Сауль "Канело" Альвареске қарсы екінші жекпе-жекке байланысты, деп хабарлайды Экспресс К.

Бокс кешін Golden Boy және Головкиннің промоутерлік компаниясы GGG Promotions бірге ұйымдастырған.

Головкин Golden Boy компаниясы келісімшартты бұзды деп айыптап, кем дегенде 3 миллион доллар қарызын өндіріп алуды талап етіп отыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров