Отбасы

Қостанай тұрғыны әйелін шынжырмен байлап тастаған

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Ер адам отбасылық жанжал кезінде осындай оғаш әрекетке барған, әйел түні бойы жылыту радиаторына байланған күйде отырған.

Alau.kz сайтының мәліметінше Тобыл қаласында ер адам әйелін шынжырмен байлап қойған, деп хабарлайды Экспресс К.

Қостанай облысы полициясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 44 жастағы әйел күйеуін жауапқа тартуды сұрап арыз жазған. Әйелдің айтуынша, отбасылық жанжал кезінде түнде күйеуі аяғын жылу радиаторына металл шынжырмен байлап тастаған. Ол сол жерде таңға дейін отырған.

Ұсталған адам өз әрекетін жұбайының алкогольді асыра пайдалануымен байланыстырды. Ер адам мұндай әрекетке әйелі түнде кетіп қалмауы үшін барған.

Бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 126-бабы "Бас бостандығынан заңсыз айыру" бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Осы бап бойынша үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров