Көлік
Ақтауда көлігінің әйнегіне саяси белгі жабыстырған жүргізуші ұсталды


Видеодан кадрлар
Ақтаулық тұрғын жол талғамайтын көлігіне саяси белгі жабыстырғаны үшін жаза арқалады.
Ол артқы әйнегіне Z белгісін жабыстырған, деп хабарлайды Экспресс К.
Ақтаулық жүргізуші Jeep Cherokee маркалі көлігінің әйнегіне саяси белгі жабыстырып, көшеде тайраңдаған. Оның әрекетін жергілікті полиция қызметкерлері байқап қалған. Lada сайтының мәліметінше, жүргізушіні бірден тоқтатып, жазаға тартқан.
Саяси белгі жабыстырған жүргізуші 3 бірдей бап бойынша 24 504 теңге мөлшерінде айыппұл арқалады.
Оқи отырыңыз:
Естеріңізде болса ЭК бұған дейін дәл осындай Z белгісін жабыстырғаны үшін Нұр-Сұлтандық жүргізушіге айыппұл салынған еді.
Бөлісу